-11 C
Нур-Султан
-14.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент
-11 C
Нур-Султан
-14.1 C
Алматы
-11.7 C
Шымкент

Қазақстанда 1000-нан астам есірткі курьері мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

 

Қазақстанда есірткі курьерлері мен «закладчиктерге» қатысты жазаны жеңілдету жоспарлануда. Мұндай өзгеріс Сенатта есірткі заттарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға түзетулер аясында қабылданды. Бұл заңның кері күші бола ма деген сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Сәнжар Әділов жауап берді. 

Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Сәнжар Әділов әр істің жеке қарастырылатынын мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта есірткі заттарын сатқаны үшін сотталған «закладчиктердің» бір бөлігі, яғни 1000-нан астам адам, шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығына ие болады. Бұл құқық сотталушының жаза өтеу орны бойынша немесе адвокат арқылы өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Әрбір іс сот арқылы жеке қаралып, жазаны жеңілдету мүмкіндігі беріледі, – деді вице-министр.

Журналистер елде есірткі қылмыстары үшін қанша адамның түрмеде отырғанын да сұрады.

– Қазіргі уақытта есірткі қылмыстары үшін шамамен төрт мың адам сотталған. Олардың ішінде 1220-сы «закладчик» ретінде танылған. Бұлар курьерлер, «кладмендер»… атаулары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ мәні бойынша бұл есірткі заттарын өткізу нарығына қатысушылар, – деп түсіндірді Сәнжар Әділов.

Еске салайық, бұған дейін Сенат депутаттары есірткі заттарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға түзетулерді мақұлдаған болатын. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда есірткі курьерлері мен «закладчиктерге» қатысты жазаны жеңілдету қарастырылған.

Фото: BBC 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар