Ақпарат министрі ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. — делінген хабарламада.