Шөкеевтің өтініші қабылдана ма?

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен кетуге өтініш берді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Өтініш 24 тамызда жазылған. Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген.
Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.