23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

Жаңаөзенде жарылыс: 4 адам қаза тапты

Бүгін  Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда орналасқан 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, 

“Құтқарушылар үйінділерден тағы үш тірідей алып шықты: ер адам, әйел адам және бір бала. Қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 3 адамның денесін алып шықты”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сегіз адам ауруханаға түсті. Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер бар.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар