Жамбыл облысындағы Қаратау тау-кен комбинатының қызметкерлері арасында туындаған еңбек дауы шешілді. Бұл туралы «Қазфосфат» компаниясы хабарлады.

Мекеменің баспасөз қызметі  жұмысшылардың өтініштерін зерделеу және оларды қысқа мерзімде шешу мүмкіндігін қарастыру үшін комиссия құрылғанын айтты. Комиссия құрамына комбинат басшылығы, кәсіподақ ұйымының өкілдері, сондай-ақ кәсіпорынның жұмысшылары кірген.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар сындарлы келісімге келді. Бүгінгі таңда «Казфосфат» компаниясының барлық кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейді. Кәсіпорында туындайтын барлық еңбек даулары жедел шешілетінін және «Казфосфат» басшылығы әрқашан өз қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және конструктивтілікке бағытталғанын атап өткен жөн, – делінген хабарламада.

«Қазфосфат» басшылығының сөзінше, 2023 жылдың қаңтарында компания қызметкерлердің жалақысы көтерілген. 2023 жылдың шілдесіне қарай еңбекақы сомасын қайта арттыру жоспарланып отырғаны хабарланды.

Еске салайық, кеше Жамбыл облысының Сарысу ауданында «Қазфосфат» компаниясының жұмысшылары бейбіт жиынға шығып, басшылықтан айлықты көтеруді еткен.