Бірнеше күннен бері танымал оппозициялық көзқарастағы азаматтар қамауға алынып жатыр. Мұны тәуелсіз сарапшылар репрессияның түрі деп бағалады. Сот 9 сәуірдегі митингке байланысты Мұхтар Тайжанды, Әлнұр Ильяшевті, Лұқпан Ахмедиярды он бес күн қамау туралы үкім шығарды. Ал зейнет жасынан асып кеткен Рысбек Сәрсенбайұлына 172 000 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ саясаткер Нұржан Әлтаевтың 15 тәулікке қамауға алынғаны хабарланды — оған заңсыз митингтерге шақырды деген айып тағылды. Саясаткер бір күн бұрын ұсталған мұнайшылар жатқан Астанадағы полиция бөлімшесіне келген. Сол жерден ол тікелей эфирге шықты.

Кейбір тәуелсіз сарапшылар билік  танымал оппозиционерлердің жаңаөзендегі митингті ары қарай көтеріп жіберуінен сескеніп ұстауға бұйрық берді деп есептейді. Бұл жағдайға  парламент депутаттары ешқандай реакция білдірген жоқ.

Еске салайық, 9 сәуірдегі наразылық акциясын ОСК-ның ресми мәліметі бойынша сайлауда жеңілген экс-депутаттыққа үміткерлер – «Халық парламентінің» белсенділері ұйымдастырған. Олар өткен сайлауды жарамсыз деп тану және оның нәтижесін жою керек деп есептейді, өйткені дауыс беру көптеген заң бұзушылықтар мен бұрмалаулармен өтті.