Қазақстанда бір бірімен ұрыспаған оппозиционер қалды ма? Кеше ғана кафеде кофе ішіп, құшақтасып суретке түсіп, бірге екендіктерін көрсетіп жүрген МАМАЙ мен БАПИ бүгін жариялы түрде бір бірін айыптап, құпияларын ашып жатыр. Олардың  жанжалы ақордадан басқа ешқандай тарапқа пайдасы жоқ екенін барлығы білсе де білек сыбанып, батпаққа батырып жатыр.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған журналист Ермұрат Бәпи өзін «биліктің жобасы», «сайлаудан әділетсіз жеңді» деп сынға алған тәуелсіз кандидаттарға жауап берді. Ол «Абай» сайтына берген сұхбатында сайлауға дейін одақтасы, қазір қарсыласына айналған Инга Иманбайдың мәлімдемелерін истерика деп бағалады. 
-Мен оған не деймін? Тап-таза истерика! Қазақ айтады «жеңілген адамның сөзі құрысын» деп. Инганың жалаулатып жүргені – өзі жеңіске жеткен 5-6 учаскеден алынған протокол. Ал менің қолымда бақылаушыларым мен сенімді өкілдерім сағат таңғы беске дейін учаскелерден алған, біразы «тірі» мөр басылған, көпшілігі – фотокөшірме, 60 протокол бар. Бұл біздің округтегі 184 учаскенің үштен бірінен алынған құжат.
«ДАТ»-тың осы бейсенбі күні шығатын санына сол 60 қаттаманың газет бетінде оқуға жарамдысын басып шығарамыз. Әділетті салыстармалы түрде айту үшін, мен газеттің тең жартысын осы протоколдарды басуға арнадым. Айтпақшы, Инга Иманбай жеңген учаскелердің де хаттамасын да жариялаймыз. Ақиқат үшін аянуға болмайды. Интернеттің виртуаль әлемінде емес, газет бетіне басылып, архивтерде қалсын.
Менің сайлаудағы жеңісіме күмәні бар адам болса, сол хаттамаларды салыстырып, өзіне тоқетер жұжырым жасап алады деген ойдамын.
-Дегенмен, сіз айтқандай «истерикамен» интернетті шулатып жатқан Ингаға бір жауап беруіңіз керек еді ғой?..
-Мен өзіме сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін! Менің 25 жылдық «ДАТ»-ым мен үшін жауап береді.
-Ереке, дегенмен кеше ғана Жанболат Мамаймен бір оппозициялық майданда бірге жүрген едіңіз, оны қолдап-қорғап, «ДАТ»-тың әр санына дерлік жарияланым жасадыңыз. Кезінде Жанболатты ЖСДП-ға төраға етемін деп, сиезге алып барған жеріңізде партиялық төңкеріске тап болып едіңіз. Ал енді оның өз келіншегіне керауыз сөз айтуына тыйым жасамағанын қалай түсіндіңіз?
-Бұл енді жалғыз Жанболаттың ғана проблемасы емес деп ойлаймын. Демпартияда данагөй «Аятолла Хомейни» болып отырған Төлеген Жүкеевтің «тек!» деуге жөні бар еді ғой! Яғни, имансыз «истерикаға» оның да үлесі бар деген сөз!
Оның үстіне, Жанболат пен Инга екеуінің артында мені өзінің жауы санайтын Бергей Рысқалиев тұр. Жаңаөзеннің жанайқайына қатысы бар экс-әкім партияны ғана емес, Жанболаттың отбасын, балаларының «Тамос» мектебіндегі жылдық ақысы миллиондаған теңгелік оқуын қаржыландыратын Бергей «музыкаға заказ беруге» қақым бар деп ойлайтын шығар. Бірақ бұл енді басқа тақырыптың әңгімесі. Мен әзірге ондай әңгіменің деңгейіне түсе алмаймын.
Осыған орай, билікпен байланысым жоқ деп жүрген Ермұрат Бапидің де жұбайы мемлекеттік телеарнада қызмет істейтінін айта кеткен жөн деп санаймыз.
Жиырма бес жыл «ДАТ» газетін басқарған оппозиционер БАПИдің ресми түрде «биліктің жобасы» деген атақ алғанымен құттықтаймыз.