Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аманаттықтар тағы бір игілікті іс атқарды. Ол – көшелердегі үгіт-насихат материалдарын тазалау. Бұл туралы «AMANAT»  партиясының  атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев facebook парақшасында да жариялады.

Онда: «Бүгін – Наурыз мерекесі қарсаңында партияластарыммен, «Жастар рухының» белсенділерімен және «AMANAT»-тың өзге де жақтастарымен бірге көшелерді үгіт-насихат материалдарынан тазалау жұмыстарын бастап кеттік. Бұл іске барлығы 20 мыңға жуық адам жұмылған.

Айта кетейін, біздің осынау бастаманы партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов жуырда өткен «Халықпен бірге!» форумында қолдаған болатын.

Бір айға созылған үгіт-насихат уақытында сайлауға қатысқан партиялар мен жеке кандидаттар белсенді жұмыс жүргізгенін білеміз. Нәтижесінде бірнеше миллион плакат көшелердің бойына жапсырылды.

Қазір оларды тазалауымыз керек. Осылайша коммуналды қызмет жұмысшыларына түсетін ауыртпалықты азайтпақпыз.

Біздің бұл акция елде саяси мәдениет пен жауапкершіліктің қалыптасқанын көрсетеді. Сонымен қатар, осы тектес шаралар біздің сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей, қоғамда экологияны сақтау моделін қалыптастыруға көмектеседі» делінген.

Үгіт-насихат материалдарын жинау жөніндегі республикалық акция оңтүстікте де, солтүстікте де, батыс пен шығыста да қолдау тапты. Солтүстік Қазақстан облыстық филалы белсенділері де «Жастар рухымен» бірлесіп, ғимараттарға жапсырылған плакаттарды жинауға кірісті. Елді мекендерге 200 мыңға жуық парақшалар желімделген екен. Оны тазалауға 400-ден астам белсенді қатысты.

Осындай пайдалы іс-шараға қатысқандарына белсенділер де дән риза. Бұл шара жергілікті коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ аула аумақтарын тазалауда мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтеріне де қолдау болары сөзсіз.

Бұл акция еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Бүгін Жамбыл облысында да  «Жастар рухы» мүшелері қаланы тазалауға кірісіп кетті. Тараз қаласы  еліміздегі ең таза шаһарлардың бірі. Оның тазалығына әрбір тұрғын жауапты деп санайды. Осыны жіті түсінген «аманттықтар» үгіт-насихат кезінде жапсырылған агиатциялық материалдарды тазалап жатыр. Атап айтар болсақ, өңірде 255 арнайы үгіт-насихат тақталары мен оң мыңнан аса сауда орталықтарына ілінген екен. Акция барысында белсенділер «AMANAT» партиясының үгіт-насихат материалдарын ғана жинайды.

20 мыңға жуық адам жұмылған бұл іс-шараның басты мақсаты – тазалық сақтау. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – осындай кішкентай істерден басталады. Бұл акция әрі елімізде экологияны сақтау моделін қалыптастыруға көмегін тигізеді.