А.ШОРАЕВ: Д.НАЗАРБАЕВАНЫҢ АДАМДЫҚ ҚАСИЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАЙМЫН

Әлі күнге дейін Мәжіліс сайлауына кандидат болып тіркеле алмай жатқан белгілі медиаменеджер, ұлтшыл журналист Арман Шораев «Ұлыс медиаға» сұхбат берді. Ол әңгіме барысында Дариға Назарбаеваның ешқашан жобасы болмағанын, бірақ ол тұлғаны сыйлайтынын мәлімдеді. 

«Екі мың екінші жыл. Көкшетаудағы облыстық телеарнаның басшысы болдым. Оған қоса, қалада үш тәуелсіз газеттің құрылтайшысы едім.  Жергілікті медиамагнат болдым. Дариға Нұрсұлтанқызы менімен танысу үшін арнайы Көкшетауға келді. Бір дасханда отырып, әңгіме айттық. Ән шырқадық. Оның адамгершілік қасиетін жоғары бағалайтынымды қазір де жасырмаймын. Сол кезде мені  өзі құрған «Асар» партиясына өтуге шақырды. Мен Дариға Нұрсұлтанқызымен жұмыс істеген жоқпын. Керісінше ол менімен жұмыс істеді«.