23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

Елімізде жас кандидаттарды қолдайтін блок құрылды

Журналисттер мен белсенді жастар «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогын құрды.

Бұл туралы бүгін журналисттер Ерқанат Көпжасарұлы, Ақбөпе Тәңірберген,Нұрсұлтан Құрман және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Яков Федоров пен Мақсат Халық Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәжілісінде жария етті.

Қазақстан Ұлттық арнасы «Ашық алаң» саяси ток-шоуының жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы айтуынша «ЖАСТАР ҮНІ» жас кандидаттарды қолдау блогының қатарына кез келген жас кандидаттарды қорғаймын, қолдаймын, кеңес беремін деген белсенді жастар кіре алады:

«Біздің басты мақсатымыз — қоғамда пікірін ашық білдіріп жүрген, өз мамандығының жілігін шағып майын ішкен, елдің ішіндегі проблемалардан хабардар әр саланың белсенді жастарын халық арасындағы қолдауына байланысты Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысып, бақ сынап көруге шақыру», — дейді ол.

«Еуразия» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірберген өз жеке кейсімен бөлісіп, жас депутаттар көбейсе, мәжілістің де ұйқысы ашылар еді деген ой білдірді:

«Мен тілші ретінде ауыл-аймақты аралап, проблемасын эфирден көрсеткенде, сол ауданнан шыққан депутаттар «халықтың проблемасын шешейік, мынандай мәселе бар екен» деп назар аударудың орнына, ол ауылдың әкімі жақсы азамат деп, мына журналстікі не сұмдық, біздің ауылдың жаман жақтарын ңғана көрсетті деп шығатын еді. Бірақ сол ауылда туған жерінің проблемасын шырылдап жүріп көтеретін жастар бар. Олар ойын да ашық айтады, сауатты. Осындай жастар қазір бір мандаттық жүйе бойынша сайлауға түсіп жатыр екен оларға қолдау керек», — деп атап өтті.

Ал тележүргізуші, блогер Нұрсұлтан Құрман өз тарапынан жас кандидаттарға әлеуемттік желіде қолдау көрсететіні туралы айтты:

«Мен өзім бармасам да, сол салаға барғысы келіп, еліміздегі заң саласында өзгерістер енгізіп, халыққа пайдасы тиетін азаматтарды қолдағым келеді. Сондықтан да, тұрақты жас көрермендерден тұратын аудиториясы бар ютуб каналымда «теледебат» ұйымдастырып, әр партиядан ұсынылып жатқан жас кандидаттарды шақыратын боламын. Оның барлығы тікелей эфирде өтеді. Екіншіден, барлық деңгейдегі кандидаттарға подкаст, интервью ретінде көмек көрсететін боламын».

Танымал блогер Яков Федоров қазақстандық жастарға қатысты стереотиптерге тоқталды:

«Бізде қазақстандық жастар саясатқа қызықпайды деген стереотип бар, алайда бұл олай емес. Бұған дейін жастарда мүмкіндік пен таңдау болған жоқ. Ал, қазіргі уақытта кез келген азамат өзін-өзі ұсына алады. Ең бастысы – жастар өзгеріс енгіземін деген шын ниеттерімен бара жатыр», — деді ол.

Экономист, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Мақсат Халық партиялардан жасалып жатқан қолдауға тоқталды:

«Шыны керек, бізді бірде-бір партия қолдап жатқан жоқ, «Аманат», «Ауыл», «Республика» партиясы болсын. Сонықтан да, қазіргі уақытта өзімізді ұсынып, болашаққа үлес қосамыз деген ниет бар. Әрине, өңірлерде әділетсіздік орын алатын шығар, бірақ өзгерістерді өзіміз жасап, қаңтардан бастап айтылып келе жатқан «Жаңа Қазақстанды» бірге құру керекпіз», — деп атап өтті.

Мүшелерінің айтуынша,  «Жастар Үні» жас кандидаттарды қолдау блогы – өз-өзін бір мандаттық жүйемен ұсынғандарды да, партия атынан ұсынылып отырғандарды да бөліп-жармай қолдауға дайын. Бастысы 21-35 жас аралығындағы жастар санатына жататын азаматтар болуы тиіс.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар