16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент
16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент

Сауда министрі көктемде азық-түлікті арзандатуға уәде берді

Өткен жылдан бері қымбаттап жатқан азық түлік (бір жылда 25,3 пайыз) бағасы көктемде арзандайды. Қуанышты хабарды Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 16 ақпан күні сенат отырысынан кейін журнарлистерге берген сұхбатында жеткізді.

Министрдің айтуынша, жуырда әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түліктің 19 түрі арзандай бастайды.

«Бірінші кезекте, тапшылыққа жол бермеуіміз керек. Екіншіден, бағаны тұрақты ұстау керек. Үшіншіден, арзандатуға қарай бағыт бұруымыз керек. Ақпан-наурызда арзандату трендіне жол ашамыз. Жұртқа азық-түлік жеткілікті екенін, байбалам жасауға болмайтынын түсіндірейік. Алаңдауға негіз жоқ» деді министр.

Әдеттегіден гөрі көбірек сөйлеген министр дүкендерге тұрақтандыру қорларынан әкімдік белгілеген баға бойынша азық-түлік түсетінін, Бұл баға инфляцияны тежеуге мүмкіндік беретінін айтты. Бұған қоса Пәкістаннан Қазақстанға екі жүк көлігімен картоп әкелініп, пияз бағасы тұрақтандырылған. Бұған қоса, күнбағыс майы бойынша меморандум жасалып, жұмыртқа өндірушілермен келіссөз жүргізілмек екен.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар