4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
15.3 C
Шымкент

Кеңес Рақышев Мәскеу маңындағы үйін сатылымға қойды

43 жастағы қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышев Мәскеу маңындағы аумағы 841 шаршы метр үйін сатуға қойыпты.  Мұндай ақпарат «Выход к морю» телеграм арнасында жарияланды.

Мәскеудегі ең қымбат  Рублево-Успенское ауданындағы күре жолда орналасқан екі қабатты коттедж бұған дейін 850 млн рубль тұрған. Қазір 670 миллионға төмендепті. Үйге қарайтын территория көлемі 69 сотық.
Ресейдің Украинаға шабуылы басталғалы ресейлік және шетел олигархтары зәулім үйлерін жаппай сатылымға шығарып жатқаны белгілі.

Қазақстанның ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Рақышев пен қызы Әсел Тасмағамбетованың Алматыда да зәулім сарайы бар екенін Азаттық радиосы анықтаған. Ол үй бұрын «Қазақстан Компартиясының» демалыс үйі болып, кейін жекешелендірілген Алмалы қалашығында орналасқан. Сарайдың қасында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елбасы қорына» қарайтын резиденция, тікұшақ қонатын алаң бар. Бұл аумақта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да үйі болған.

Қазақстандық Forbes басылымының есебінше, былтыр Рақышевтің байлағы 960 миллион доллар болған. Оның инвестициялық және сақтандыру компанияларында үлесі бар.
2021 жылы Ұлыбритания парламенті Жемқорлыққа қарсы ғаламдық санкция заңын қабылдаған. Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж осы заңды «халқын тонап, қалтасын қалыңдатқан қазақ олигархтарына қарсы» қолдануды сұрап, 28 адамның атын атаған еді. Тізімде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері және Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа жақындығы бар кәсіпкер Кеңес Рақышевтың де аты аталады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар