-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
2.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
2.3 C
Шымкент

Пәкістандағы мешітті тәліптердің жарғаны анықталды

Пәкістанда кеше  Пешавар қаласындағы мешітте жарылыс болып, 59 адам өліп, 157 адам түрлі жарақат алды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша жанкешті мешітте адам көбейген түскі намаз уақытында өзін-өзі жарып жіберген.Жарылысты тәліптертер жариялы түрде өз мойындарына алды.

Бұл мешітке, негізінен, Пешавар полициясы бас басқармасының қызметкерлері барады. Жарылыстан мешіттің жартысы қирап, аман қалғандар қирандылардың астынан қиналып шыққан.

Жарылыс болған сәтте мешітте 500-ге дейін адам болған деп болжанып отыр.

Geo TV арнасының хабарлауынша, бұл терактіні «Техрик-и-Талибан Пакистан» атты жергілікті ұйым мойнына алған. Пәкістанда бұл ұйымның қызметіне тыйым салынған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар