23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

ҚМА журналист Михаил Козачков ұсталғанын хабарлады. «Әділ сөз» процедуралық нормалардың бұзылғанына алаңдайды

18 желтоқсанда кешке  қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачков ұсталғанын хабарлады.

Бұған дейін агенттік журналистің «Болат Назарбаевтың көмекшісімен байланысты қылмыстық топқа рейдерлік жасауына көмектесті» деген күдікке ілінгені туралы хабарлама таратқан болатын.

Хабарламада «қылмыстық топтың бірнеше өкілінің» аты аталады. Онда журналистің «қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектескені», «ақпараттық шабуылға үлес қосқаны», «БАҚ заңын бұзып, жалған мәліметтерді, банк, отбасылық, басқа да заңмен қорғалатын құпия деректерді таратқаны», адамдардың «беделін түсіретін мақалалар жариялағаны» жазылған. Уәкілетті орган қазіргі кезде тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Журналист Вадим Борейко Фейсбук парақшасында журналистің Алматыдағы бірінші президент саябағындағы тұрақта ұсталғаны жөнінде естігенін жазды. Айтуынша, Козачковтың үйінде де тінту жүріп жатыр. Адвокат тінту орнына барған кезде оны ол жаққа кіргізбеген.

Қазір журналистің телефоны сөндірулі тұр.

«Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымы тінтудің адвокатсыз жүріп жатқанынаалаңдаушылық білдірді. Ұйым қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз хабарламасы «кінәсіздік презумпциясын бұзады» деп мәлімдеді. Баспасөз қорғау ұйымы Михаил Козачковқа заңгерлік көмек көрсетуге әзір екенін хабарлап, Қазақстанда зерттеу журналистикасы өкілдеріне үдеген қысымға алаңдайтынын жеткізді. «…бұл президент Тоқаев жариялаған саяси реформаларға түбірімен қайшы» деді баспасөз қорғау қоры.

Михаил Козачков – елде зерттеумен айналысатын журналист, «Время» басылымының тілшісі. Оның Телеграм-арнасында 90 мыңнан астам жазылушысы бар.

«Власть» сайтының жазуынша, биыл мамырда Козачков өзін біреулердің аңдып жүргенін, кейін көлігі сырылғанын хабарлаған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар