23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент
23 C
Нур-Султан
26 C
Алматы
21.3 C
Шымкент

БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВА 7 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКІН

Прокурор Лаура Асанова Соттан Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың  мүлкін тәркілеп,  мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды.

«Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сондай-ақ, Хаменова «Құрмет» орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын», — дейді прокурор Лаура Асанова.

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал пара берді деп күдіктелген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар