Сотта марқұм Шерзат Полаттың анасы куәлік беріп жатыр. Ол оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. Әйелдің сөзінше, ұлы жарақат алған кезде Қаржаубай Нұрымов жедел жәрдем мен полиция шақыруға тырысқан. Алайда ешқайсысы оқиға орнына келмеген. Ақыры баланы өздері ауруханаға апаруға мәжбүр болған.
«Шерзат жарақат алғаннан кейін оны Нұрқанат қорғауға тырысты. Бірақ Абзал бастаған топ оны ұруын жалғастырды. Мен айыпталушылардың қолында пышақ болғанын көрдім, бірақ қару көрмедім – тек екі рет оқ атылғанын естідім. Абзал мен Нұрқияс мені де өлтіреміз деп қорқытты. Қаржаубай жедел жәрдем мен полицияға хабарласты, бірақ ешкім жауап бермеді. Содан кейін ол Нұрқанат пен Шерзатты көлікке отырғызып, өзі ауруханаға апарды», – деді анасы.
Әйелдің айтуынша, айыпталушылармен бірге болған қыздар оған тас лақтырған.
«Мен оларға: «Сендер де ана емессіңдер ме, жедел жәрдем шақырыңдар» дедім. Бірақ олар ештеңе істеген жоқ», – деді ол.