Қарағанды облысының полиция департаменті 15 жастағы қызға қатысты жасалған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл жағаұстатар оқиғаны «НеМолчи» қоры жариялады. Қордың мәліметінше, өгей әкесі өгей қызын 38 жастағы танысына «тұрмысқа берген», ол қызды бес күн бойы зорлаған.
«Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, жауап алынған. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
38 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.